"Имамдар тоңқайтып жатыр" деген қоғам белсендісі үндеу жасады

"Имамдар тоңқайтып жатыр" деген қоғам белсендісі үндеу жасады
Соңғы уақытта ойына келгенді "уағыз" деп аузына келгенді көки беретін, өздерін "ұстаз" деп әспеттейтіндер күн санап көбеюде. Дін туралы білгісі келетіндер болса, қай уағызшыны тыңдарын білмей дал болғандарын айтып, үндеу жасауға кірісті деп жазады Democrat.kz.
 
Сондай үндеудің бірі әлеуметтік желіде жазылып, жұрт қызу талқылауда.
 
"Құрметті Имам ағалар! Сіздер өзара шешіп аласыздар ма проблемаларыңызды. Бір бастарыңызды жинап келісіп алыңыздаршы.
 
Араларыңыздан лидер тағайындайсыздар ма білмеймін. Бір адам сөйлесінші. Соған ұйып тыңдайық бәріміз. Бір жақтан кредит, бір жақтан налог, бір жақтан сіздер тоңқайтып жатсыздар.
 
Шыны керек, дін туралы әкем мен анамнан ғана естуші едім бала кезде. Сіздер кеп анау дұрыс емес, мынау дұрыс емес, одан кейін ананың айтқаны қате, мынау қате… турасын айтқанда "зымызды" шығарып жібердіңіздер.
 
Сосын келіп халыққа, жастарға ренжисіздер. Көп жастар сіздер үшін діннен қашып жүрген сияқты. Менің жазғаныма қаралап арғы өмірлеріңізге ор қазбаңыздар. Қате айтсам, дұрыстап түсіндіріп көріңіздер", деп жазды Threads желісінде Абылайхан есімді желі қолданушы. 
 
Бұл жазбаға қатысты жұрт "молданы тыңдаудың керегі жоқ", "адамның иманы жүрегінде", "уағызшылардың кесірінен жұрт діннен безуде" дегенге саятын пікірлер жазуда. 
 
 
Барлық жаңалықтар