Грэмми сыйлығының иегері қазақстандық музыкант Иманбек (Иманбек Зейкенов) Латын Грэммиіне ұсынылды.
Әнші Тайчу Элла қатысқан қазақстандық диджейдің "Quiere Techno" композициясы "Ең үздік латын электронды музыкалық орындау" номинациясына шорт-трекке енді.
Марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді.
Еске салайық, 2021 жылы қазақстандық музыкант Imanbek Грэмми сыйлығын жеңіп алған еді. Америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әнініне жазған ремиксі жүлдеге ие болды.
"Достар, мені неге бақытты деп ойлайсыңдар? "Грэмми" біздікі. Музыканттың мансабындағы ең әдемі нәрсе – Grammy-ді жеңу, біз оны жасадық!, – деді ол.
Stan.kz