Той тізгіндеген асаба жағалай ортаға шыққан қыздарға тосыннан сауал қойып, олардың шынайы келбетін көрсетті, деп жазады Democrat.kz.
Мәселен, алғаш болып сөз алған орамалдағы ару «Гелендваген» көлігін сұраса, келесі арулар пәтер, коммерциялық ғимарат, шетелге оқуға жолдама талап ететінін жеткізді.
Басым бөлігі пәтер алғызуды құп көретін бойжеткендер арасында күйеуінің амандығы мен жеке кітапхана алғызуды құп көретін қос қыз ғана көпшілікті сүйсінтті.
«Күйеуімнің амандығы» деген қызға Аллам осының бәрін береді ғой», «Бір сүре білмейді өздері, ал махрды біледі», «Нан жая алам ба деп ойламайды, үш келі алтын сұрайды», «Жастарың келгенде өздерің ақша беріп тиесіңдер әлі», – деді қыздардың қылығына таң қалған көпшілік. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)