inDrive халықаралық компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Арсен Томский қазақ қызы Камила Лұқпановамен шаңырақ көтерді. Үйлену тойы Ыстанбұлда өтіп, оған түрлі елдерден келген достары мен танымал кәсіпкерлер қатысты деп жазады Democrat.kz.
inDrive халықаралық компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский қазақ қызы Камила Лұқпановамен отбасын құрды.
Кәсіпкер қуанышты жаңалығын Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісіп, қалыңдығымен Ыстанбұлдағы Босфор бұғазының жағалауында түскен суретін жариялады.
«Қазақ ұлтына +1 күйеу бала. Міне, қазақ халқының күйеу баласы», – деп әзілдей жазды Томский.
Жас жұбайлардың үйлену тойына әлемнің әр түкпірінен келген достары, кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысқан.
Салтанатты шарадан Қазақстан мен Грузиядағы Forbes франшизасының иесі Арманжан Байтасов та жазба жариялады.
«Бүгін Арсен Томский мен Камиланың үйлену тойы. Жас жұбайларды осы маңызды оқиғамен құттықтау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен достары келді», – деп жазды ол.
Той қонақтарының арасында Марғұлан Сейсембай, Эдуард Ким, Нұрлан Смағұлов және Айдын Рахымбаев секілді қазақстандық бизнес өкілдері де болған.
Осылайша, inDrive-ты әлемдік деңгейдегі технологиялық компанияға айналдырған Арсен Томский енді қазақ жұртына күйеу бала атанды.