Стамбулдағы Айя София кесенесінің ішінде өрт шықты. Өртті шығарған адам "жындымын" деп заңнан құтылмақ болған деп жазады Democrat.kz.
Стамбулдағы тарихи кесенеге барған М. есімді еркек ғимарат ішіндегі "Інжіл" кітабын өртеді деп хабарлайды Түрік ақпарат құралдары. Кітапты шарпыған от кесене ішіндегі кілемге тиіп, біраз жерді жалын шарпыды.
М.есімді адамның бұл әрекетін байқап қалған басқа бір кісі шұғыл полиция мен өрт сөндіру қызметіне хабар беріп, басталған өрт дер кезінде сөндірілді.
Қамауға алынған М.ауыр жаза арқалайтынын білген сәтте, бірден "мен жындымын" деп мәлімдеген.
Әйтсе де, "жындының" денсаулығын Түркия заңы бойынша анықтау жұмыстары басталды.