Мәскеуде Интернетті толығымен өшірді, тек "ақ тізімдер" ғана жұмыс істейтіні хабарланды деп жазады Democrat.kz.
Бүгін, 13 наурызда Коммерсант басылымы мәскеуліктер үшін "ақ тізімдердің" басталғаны туралы хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бойы Ресей астанасында жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең болды. Адамдар маркетплейстерде пейджерлерді, қағаз карталарын және қалалық телефондарды жаппай сатып алып бастаған еді.
Басылымның дереккөздері "ақ тізімдер" жүйесі қазірдің өзінде "толық"жұмыс істеді деп мәлімдейді. Алайда кейбір аудандарда базалық станциялар әлі де өшірілген.
Мәскеуліктер "ақ тізімдегі" сайттардың қол жетімді болғанын растайды. Бірақ, мысалы, Telegram-ға хабарламалар келмейді, ал VPN қызметтері қосылмайды.