Интимді, ұят нәрсе айтқан Перизат Стамғазы сынға ұшырады

Интимді, ұят нәрсе айтқан Перизат Стамғазы сынға ұшырады

ТикТок әлеуметтік желісінде Перизат Стамғазы атты хиджабтағы келіншек әйелдерге арнап, түрлі гинекологиялық кеңестер беруді бастады деп жазады Democrat.kz.

Перизат Стамғазы гинекологиялық қана емес, түрлі интимді тақырыптарда да парақшасына видеолар жүктеген екен. Сонымен қатар әйелдерің энергиясы тақырыбын да қозғаған Перизат Стамғазы өзінің гинеколог емесін де айтады. 

Сондай видеосының бірінде: "К...теріңнен балықтың иісі шығатын қыздар ред флаг"дейді. Мынаны оқып, күлкім келіп тұр. Шындығында, егер к...теріңізден шынымен балықтың иісі шығатын болса, онда маған емес, гинекологқа баруыңыз керек.

Бұл негізі вагиноз, сізге өзіңізге білінбесе, сырттағы адамдарға өте қатты білінеді ол иіс"деген Перизат Стамғазы әлеуметтік желідегі осы тақырыпқа қатысты жазылған пікірлерді эфирде оқыды. 

Перизат Стамғазының бұл видеосына қатысты "расымен Рамазан Стамғазиевтің қызы ма бұл? Егер сол кісінің қызы болса, мына тірлігі өте ұят екен" деген пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар