Иран Бейрутқа төнген қауіптен кейін Израильдің барлық елдердегі елшіліктеріне соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
Иран Бейруттағы елшілігіне шабуыл жасалса, бүкіл әлемдегі Израиль елшіліктеріне соққы бере алатынын айтты. Бұл туралы Иран Қарулы күштерінің ресми өкілі Аболфазл Шекарчи хабарлады.
"Израиль Ливандағы Иран елшілігіне шабуыл жасаймын деп қорқытты. Егер шабуыл орын алса, Израильдің барлық елшіліктері біз үшін нақты нысанаға айналады", — деді Шекарчи.
Ол сондай-ақ Иранның АҚШ пен Израильден басқа елдермен қақтығыс жағдайында емес екенін және сыртқы қатынастарды "ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл қағидаттарына" негіздейтінін атап өтті.