Иран халқының көшбасшысы соғыста өлтірілді

Иран халқының көшбасшысы соғыста өлтірілді

Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменейдің резиденциясы АҚШ пен Израильдің әуе шабуылдарынан қирады. Желіде оқиға орнынан алғашқы фотолар пайда болды деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz - ке сілтеме жасап. 

Израиль басылымы Әли Хаменей өлтірілгенін мәлімдеді.

The New York Times мәлімдеуінше, Әли Хаменейдің негізгі резиденциясы және жоғары деңгейдегі үкіметтік кездесулер өтетін орын ретінде қызмет ететін қауіпсіз кешен толық қирады.

Қаза болғандар арасында Иран қорғаныс министрі Әмір Насирзаде және ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мұхаммед Пакпур болуы мүмкін. 

хаменей резиденциясы

Алайда Иранның өзі ақпаратты әзірге растамады. Десе де Хаменей әзірге жұрт алдына шыққан жоқ. 

Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи NBC News телеарнасына берген түсініктемесінде “бірнеше ирандық қолбасшы қаза болды, бірақ жоғары лауазымды басшылар тірі” деді. 

Сондай-ақ Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад тұратын аймаққа соққы жасалғаны атап өтілген.

Одан бөлек Ирандағы қыздар мектебіне жасалған соққыдан қаза болғандар саны 58-ге жетті.

Барлық жаңалықтар