Иран қызы: "Азғын діндарларға иілгім келмейді"

Иран қызы: "Азғын діндарларға иілгім келмейді"

"Алаһ атынан емес, Иранның азаттық сүйер әйелдері атынан шыдадым" дейді діни диктатура құрбаны.

Ата Заң Конституциямен жүретін Зайырлы Елімізде қысы-жазы қырыққабат құлшүберекке  оранған есуастарды 99 дүре соғып бедуиннің түйемен жүріп үңгірде күнелткен кезде ыстық құмды желінен қорғану үшін оранатын ұлттық жамылғысынан босата алмаспыз. Себебі, "бас пен шаш" салафизм үшін ұятты жер! "33 жастағы Роя Хешмати есімді ирандық қызды Тегеран көшесінде хиджаб жамылмағаны үшін қамайды. "Шариғат заңына қарсы шығып, қоғамдық моральды бұзды және мұсылман әйелдерін бейбастыққа шақырды" деген айып тағылады. Сот оған қайыс қамшымен 74 дүре соғуға және 300 евро көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарады. Сот залынан алып шығып, арқасына санап тұрып 74 дүре соғылады да, сот алдына қайта апарады. Ондағы мақсаттары сот алдында кешірім сұратып, хиджабты сот залынан тағып шығару. Рояның айтуы бойынша: - маған 74 дүре соғуға үкім кесілді. Үкім орындалатын бөлмеге алып кетті. Қолымды алға тартып байлап, арқамнан санап тұрып 74 дүре ұрды. Басында ішімнен санап тұрып, тек құлап қалмасам екен деген ойда болдым. Аллаһтың атынан емес "Иранның азаттық сүйер әйелдері" атынан шыдап бағуға тырыстым. Содан соққан соққыны несіне санаймын, бәрі-бір емес пе, олар қателесіп аз не көп соғып қояды дейсің бе?-деген ой келді. Ішімнен мырс етіп күлдім, тістендім. Әйел бостандығын шектеуші азғын діндарлар алдында иілгім келмеді. Дүре соғып болған соң, басыма орамал тақты да, сот залына қайта апарды. Жолда орамалды алғым келген, артымда келе жатқан сот орындаушы әйел қолындағы таяғымен иығымнан түртіп, басын шайқады. Сот залына кіріп келе жатқанда, хиджабты сыпырып, жерге тастадым. Сот төрағасына хиджаб оранбайтынымды тағы да мәлімдедім. Ол айыппұл салып, екінші қайталанбасын деп босатты. Қазірде хиджабқа тұмшаланып жүрген жоқпын, оранбаймын да -дейді Роя Хешмати ханым. Асылгүл ӘБІШТІҢ парақшасынан алынды. Фото интернеттен.

Барлық жаңалықтар