Иранда Хаменеидің өліміне қуанған жұрттың видеолары тарауда

Иранда Хаменеидің өліміне қуанған жұрттың видеолары тарауда

Иранда Жоғарғы көшбасшы Али Хаменеидің қаза тапқаны туралы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желілерде жұрттың қуаныш білдірген видеолары жариялана бастады деп жазады Democrat.kz.

Желіде тараған кадрларда ирандық тұрғындардың бұл хабарды оң қабылдап, бір-бірін құттықтап жатқанын көруге болады.

Бейнежазбадағы қыз: «Хаменеи шеттетілді! Баршаңызды құттықтаймын!» – деп ашық мәлімдейді.

Рухани басшы Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін Иран қоғамы екіге бөлінді. 28 ақпанда оның өлімі туралы ақпаратты бірқатар халықаралық БАҚ таратты. Кейін бұл мәліметті Иранның мемлекеттік агенттіктері — Tasnim, IRNA, ISNA, Mehr және Fars растады.Билік 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс деп бекітті.

Алайда ел ішінде пікір екіге жарылды: бір бөлігі оны ислам әлемі үшін ауыр қаза деп қабылдаса, екінші бөлігі бұл оқиғаны жаңа кезеңнің басталуы деп бағалады.

Барлық жаңалықтар