Ирандағы қазақтар көмек сұрауда: Көшіріп әкелген дұрыс па?

Ирандағы қазақтар көмек сұрауда: Көшіріп әкелген дұрыс па?

Әлеуметтік желідегі парақшасында қоғам белсендісі "Тәуекел" қоғамдық ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов билік өкілдеріне үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Израйл әскері, Ирандағы Қазақтар тұратын Гүлістан атты аймақты бомбалапты. Ирандағы Қазақ ағайындар маған хабарласып,елге көшеміз бауырым, кетеміз, көмектес дейді.

 Ағайын не істейін, менің шамамды білесіздер, биліктен кім бар маған көмектесетін?? Барынша бөлісіп, көмектеседі ау естиді ау деген биліктегі азаматтарды белгілеп жіберіңізші. Қазір лайкпен естілетін заман, лайк басып таратыңыз. Шама келгенше көмек берейін Ирандағы Қазақтарға.

Сол жақтағылар, Үкімет көмек берсе сол сақалдының ауылдарына, Солтүстігіне көшіп барайық депті Ирандағы ақсақалдар. Тізім дайындап жатыр. Дәл қазір 50—60 отбасы дайын дейді жалпы. Не істейік ағайын?

Маған хабарласып, ар жақтағы дауысым болыңызшы деп жазып жатыр. Шіркін осыларды Солтүстікке алдырып, бір ауылға қоныстандырсам шіркін. Әттең тонның келтесі ай. Әттең..." деп жазды Бурахан ДАҚАНОВ.

Қоғам белсендісінің бұл жазбасына қатысты төмендегідей түрлі пікірлер жазылуда. 

"Оларға хидажаптарын шешуді талап ету керек шығар. Қандасты жинаймыз деп, халыққа қауіп тудыратын дін қажет емес"

"Өзге елдің сыртқы істер министрлері өз елінің азаматтарын көшіріп алып жатыр. Бұлар қазақ болса, дни алауыздық тудырмаса, елге келуді билік арқылы шешуі керек"

"Шекаралас аймақтарда босқын көбейді деп жатыр, олардың үкіметі қуана келісетін шығар, алып кетеміз десек..."

"Солтүстікке көшіру керек! Мен қолдаймын, көмек қолын созуға әзірмін!"

"Оларға уақытша баспана беру керек әзірше. Естерін жинап, өздеріне келіп алғанша еліміз көмектессін. Жерсініп кетеміз, осында қаламыз, қайтпаймыз деген нық сенімге келгендерге кейінірек, бір екі жылдан кейін үй жаймен қамтамасыз етсе болады. Ирандағы тіршілігіне үйреніп қалғандар, қайтадан қайтқысы келсе біздің тараптан ешқандай өкпе реніш болмауы керек. Таңдау әркімге берілген"

"Нар Тәуекел! Көшсін ағайындар! Ағайын аман болса, құжат та, барлық қажетті игіліктер де орнына келеді! Үкімет те, Мәжіліс те қарап қалмас!"

Барлық жаңалықтар