Ирандағы топалаң: Али Хаменеиді сатып кеткен күдікті кім?

Ирандағы топалаң: Али Хаменеиді сатып кеткен күдікті кім?
 
 
Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің бірлескен операциясы нәтижесінде қаза тапқаннан кейін, оның нақты орналасқан жері қалай анықталғаны жөнінде сұрақтар туындады деп жазады Democrat.kz. сайты Qamshy.kz-ке сілтеме жасап. 

Батыстық БАҚ-тың мәліметінше, Central Intelligence Agency (ЦРУ) Хаменеи мен оның айналасындағылардың кездесу орны туралы ақпаратты Иран ішіндегі жоғары лауазымды дереккөздердің көмегімен алған.

Тегеранда күдік Исмаил Каани есіміне түскені айтылып жатыр. Ол – «Қудс» күштерінің қолбасшысы. Мәліметтерге сәйкес, Каани шабуыл алдында Хаменеимен кездескен соңғы адам болған және қастандық жасалардан бірнеше минут бұрын ғимараттан шығып кеткен.

Батыс медиасы ұқсас жағдай 2024 жылы «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралла өлтірілген кезде де болғанын жазады. Онда да Каани Бейруттағы кездесуден соққы жасалардан аз уақыт бұрын кетіп қалғаны айтылған.
Барлық жаңалықтар