Иранның аятолласы ауыр жаралы, шұғыл Ресейге жеткізілді

Иранның аятолласы ауыр жаралы, шұғыл Ресейге жеткізілді

Иранның жаңа Жоғарғы басшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақсатында Ресей әскери ұшағымен Мәскеуге жасырын түрде жеткізілді деп хабарлайды Democrat.kz.

Бұл туралы al-Jarida басылымына көшбасшыға жақын дереккөз хабарлаған. 

"Мәскеуде Моджтабаға сәтті операция жасалды және қазіргі уақытта президенттік резиденциялардың бірінде жеке ауруханада емделуде", - делінген хабарламада.

Дереккөздің айтуынша, Жоғарғы басшы 28 ақпанда Иранға алғашқы жасалған соққылар кезінде жарақат алған. Иранға соққылардың жалғасуы оның елде емделуін қиындатты, сондықтан Хаменеи Ресей астанасына жеткізілген.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ирандық әріптесі Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлесу барысында Ресейде Хаменеиді емдетуді ұсынған болатын. Иран шенеуніктері, соның ішінде Хаменеи бұл ұсынысты мұқият қарап, мақұлдады.

Барлық жаңалықтар