Иранның аятолласы Моджтабаның қалай аман қалғаны туралы дерек сыртқа тарап кетті

Иранның аятолласы Моджтабаның қалай аман қалғаны туралы дерек сыртқа тарап кетті

Иранның аятолласы, жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеидің Израиль тарапынан атқылаған оқтардан қалай аман қалғаны мәлім болды деп жазады Democrat.kz.

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Израильдің зымыранмен атқылауынан аман қалды, ал оның әкесі Али Хаменеи соққыдан бірнеше минут бұрын үйден шығып кеткен екен.

Бұл туралы  Мемлекет басшысы Кеңсесінің хаттамалық қызметінің басшысы Мазахер Хоссейнидің Ислам революциясының күзетшілер корпусының (КСИР) аға діни қызметкерлері мен командирлеріне жолданған дыбыстық жазбалардың сыртқа шығып кетуінен кейін белгілі болған. 

Можтаба әйелі мен ұлымен бірге әкесі отырған ғимаратта болған. Хоссанидің айтуынша, 28 ақпанда таңертең, соққының алдында ол аулаға шығып кетіп, жарылыс болған кезде сыртта болған.

"Ол бірдеңе жасау үшін аулаға шықты <...> ғимаратқа зымыран тиген кезде сыртта болды және жоғарыға қарай бет алды", - дейді хаттама қызметінің басшысы.

Хоссейнидің айтуынша, жарылыс кезінде Моджтаба "аяғынан жеңіл жарақат алған". Ал атқылау Хаменеидің бүкіл отбасы отыруы мүмкін деген ғимаратқа қарша бораған.  

Аудиожазба жаңа көшбасшының қаншалықты ауыр жарақат алғаны және оның елді басқара алу мүмкіндігіне қатысты мәселе көтерілгенде сыртқа тарап кеткен. 

Соғыс басталғалы Моджтаба ешқашан көпшілік алдына шықпады және екі аптадағы алғашқы мәлімдемесін жазбаша хабарлама түрінде жасады.

АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсеттің айтуынша, жарылыс кезінде Моджтаба "жараланып, бәлкім түріне де зақым келген болуы" мүмкін. 

Десек те, Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы Аббас Арагчи бұл сұрақтарға қатысты жаңа жоғарғы көшбасшының дені сау және жағдайды толық бақылауда деп жауап берді.

 

Барлық жаңалықтар