Израильдің Иранның Тегерандағы мұнай қоймаларына жасаған соққыларынан кейін елде ауа сапасы күрт төмендеген деп жазады Democrat.kz.
CNN тілшісі Фред Плейтгеннің айтуынша, Тегеранның 10 миллионға жуық тұрғыны бүгін таңертең қалың қара бұлттардың астында оянған. Ол жауған жаңбыр қара болғанын және ауа мұнаймен ластануы мүмкін екенін атап өтті.
Оқиғадан кейін Иранның қоршаған ортаны қорғау ұйымы ауа сапасының нашарлағанын мәлімдеді және Тегеран тұрғындарын мүмкіндігінше үйде болуға шақырды.
Өз кезегінде ирандық Қызыл Жарты Ай қоғамы зақымдалған отын цистерналарынан улы химикаттардың ағуы қышқыл жаңбырға әкелуі мүмкін деп ескертті. Мұндай жауын-шашын теріге және өкпеге қауіпті болуы мүмкін, дейді ұйым.