Танымал спортшы Қуат Найман еліміздің футбол командасы "Қайрат" туралы пікір білдіріп, "Қайратқа" бюджеттен ақша бөлмеу керегін айтты деп жазады Democrat.kz.
"Әрине, елімізге "Реал" сияқты команданың келгені жақсы ғой. Бала күніңнен жанкүйері болған Криштиану Роналду сияқты футболшының Қазақстанға келуі кімді де болсын қуантады.
Алайда сондай танымал команданың "өз елін тонағаны" туралы естігеніңіз бар ма? Мысалы, Криштиану Роналду Португалияны тонап, "Спортингке" ойнауға кетті дегенді естігенсіз бе?
Мұны неге айтып отырмын? Қазақстандық спорттың түгеліне бюджеттен ақша бөлуге үбегейлі тыйым салу керек. Өз күштерімен қаржы тапсын. Демеуші тапсын.
Осылайша үлкен аренаға шықсын. Міне, сол кезде біздің спртшылармен бақ сынауға басқа елдің жұлдыздары келіп жатса, мен стадионға ішкиімімді шешіп тастап баруға дайынмын" деген Қуат Найман ел бюджетінен спортшыларға қаржы беруге қарсы екенін жеткізді.