"Істеген ісімді мойныммен көтеремін" - Айбар Жанболат қылмысын мойындады

"Істеген ісімді мойныммен көтеремін" - Айбар Жанболат қылмысын мойындады

32 жастағы Жетісу облысының тұрғыны Айзат Жұманованы «күйеуі ұрып өлтіргені» туралы ақпарат биыл маусымда белгілі болған деп жазады Democrat.kz. "Тіл кеспек жоқ" парақшасына сілтеме жасап.

Ол кезде марқұмды күйеуі атқа сүйреп өлтірген деген ақпарат тараған. Оқиға Баласаз ауылында болған. Іс қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қаралып жатыр.

Айзат Жұманның анасы Салтанат Қадірбекқызы Айбар Жанболатты өмір бойына соттау керек деп отыр. Айыпталушы Айбар Жанболат «Істеген ісімді мойныммен көтеремін. Өлтіремін деген ниетім болған жоқ. Абайсызда болған жағдай. Жазамды толық өтеймін» дейді.

Бұған дейін сотта Айзат Жұманованың күйеуі, айыпталушы Айбар Жанболат «шапалақпен ғана ұрдым» деп, кінәсін мойындамаған.

Барлық жаңалықтар