"Итпен жаласып..." дескен жұрт Тұрсын Алагөзовті сынап тастады

"Итпен жаласып..." дескен жұрт Тұрсын Алагөзовті сынап тастады

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен әйелі Баян Алагөзова әлеуметтік желіде бір видео жариялап, тағы да жұрттан оңбай сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.

Желіде тараған видеода Тұрсын Алагөзовтің үйдің ішінде, дастарқанның басында тазы итімен бірге тамақтанып отырғанын көруге болады. 

Таяуда ғана продюсер Бан алагөзова екі тазы иттері барын, бірінің аты Адал, бірінің аты Ақтөс екенін айтып, арнайы видео түсірген болатын. 

Сол тазы төбеттердің бірі отбасы мүшелерімен бірге дастарқан басында тамақтанып жатқаны жұрттың көзіне ерсі көрінгені сондай, "жиіркенішті!", "қанша жерден адал болса да, қасиетті дастарқанға обал!", "ит харам", "итке жалатып дастарқанды не көрінді" деп бұрқыратып пікір жазуда.

Ал кейбіреулер "тазы ең таза ит, мұнда тұрған ештеңе жоқ", "байларға бәрі жарасады", "Тұрсын итті жақсы көреді екен. Міне, сондықтан ол мейірімді ғой"деген пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар