Израиль-Иран соғысы: Алдын - ала ойластырылған ойын ба?

Израиль-Иран соғысы: Алдын - ала ойластырылған ойын ба?

Негізі Иран-Израиль қақтығысы әлемдік державалар тарапынан алдын ала ойластырылған ойын. Әлемді басқару ойыны.“Үлкен Таяу шығыс” жобасы. “Үлкен Израиль” жобасы.

Палестина да, Ирак та, Сирия да, Ливан да енді міне Иран да сол “жобалардың” әрекет алаңына айналып отыр.

Осы ойындардың құрбанына айналған қарапайым халыққа обал.

1979-да қазіргі Иран режимі қайда құрылды? Парижде. Иран көсемі қайдан келді? Парижден.

Иран уақытша үкіметі қайда құрылды? Парижде. Хомейни Тегеранға қандай ұшақпен келді? Эйр-Франс ұшағымен.

Ең алғаш сөйлеген сөзі не еді? “Сионист Израильді әлем картасынан өшіреміз”. Алдын ала жоспарланған үлкен ойын.

Билікті қолға алған соң жасаған “Шүкір намазында” Хомейнидің артында сапта АҚШ пен Франция елшілері де тұрған видеолар бар.

Соғыстың аяқасты бұндай масштабта өрбігеніне қарағанда, Хомейни режимі өз міндетін “аяқтаған” секілді.

Мақсаты Иранды 3-4 бөлікке бөліп, Батыстың айдауымен жүрегін “Жаңа Иран” құру.

“Жаңа” сөзі әр уақыт жақсы дегенді білдірмейді…өкінішке орай

Ербол СӘБИТОВ, қоғам белсендісі.

Фото интернеттен.

Барлық жаңалықтар