Израиль-Иран соғысы: Осыдан кейін кім ақымақ?

Израиль-Иран соғысы: Осыдан кейін кім ақымақ?

Иран билігі қолдарын жартылай көтеріп, келісімге келейік деп қалды. Бірақ ақжалау көтеріп, жеңілдік демеді. Жеңілдік демегені — билігі позор болғанын түсінген халық өздерін төңкеріп тастамасын дегендері.

Қолдарын жартылай көтергені—соғысты уақытша тоқтатып, билікті сақтап қалу: күш жинап қайта айбат көрсету. Бұл Израиль мен АҚШ коалициясының 3 күндік жеңісі. Алда әлі 11 күндік соғыс бар. Өйткені, Нетаньяху бұл әскери операция 14 күндік деп атаған. Иран жеңіске жеткен күнде де ислам ұстанымындағы елдер басы біріге ме? Жоқ, бірікпейді! Өйткені, Шииттер мен Суннит мұсылмандары арасында 1300 жылдық текетірес бар. Иран ядролық қаруға қол жеткізсе, әуелі сунниттерді, сосын сионистерді, сосын бүкіл әлемге угроза жасау арқылы өздерінің саяси экономикалық ұстанымын, дініндегі—исламның шиизм бағытын тықпалайтын болады. Бұл қалайша дейсіздер ме? Өзінің Ливия, Палестина, Египет, Иордания, Ауғанстан прокси күштерін қаруландыру арқылы. Ядролық бомбасы бар Иранға ешкім тисе алмайды, есесіне бұлар жер-әлемге қару таратады. Украина & РФ соғысында РФ ті Шахедтер, алыс жақынға ұшатын ракеталармен қамтамасыз етіп отыр. Қосымша РЭП глушитель қондырғыларын, оқ дәрі, т.б соғысқа қажет қарулар мен, оның қосалқы бөлшектерін тасып беріп келеді. РФ Украинаға емес, Қазақ Еліне тап берген болса, бұлар тап осы тірлікті жасар еді. Бүкіл технологияларды беріп—уран байытуға, ядролық бомба жасап алуына мүмкіндік берген, оны АЭС салып беріп бүркемлеген, әскери әлеуетін көтеріп отырған Аллаһ емес, РФ! Нетаньяху Иран халқына "1979 жылдан бері өздеріңді угнетать етіп келе жатқан Аятолла режимінен құтылып алыңдар. Али Хоменей режимі әлсіреген осы тұсты пайдаланып қалыңдар.. " деп жатса, Ирандық, т б мұсылман елдері Израильге түскен ракеталар видеоларын желіде таратып, мәз болып жүр. Енді осыдан кейін кім ақымақ? Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар