Израильдің келесі нысаны қай ел болуы мүмкін?

Израильдің келесі нысаны қай ел болуы мүмкін?
 
 
Израильдің экс-премьері Нафтали Беннет Түркияны ел қауіпсіздігі үшін жаңа сын-қатер деп атады. Оның пікірінше, Анкара мен Доха Таяу Шығыстағы ықпалын күшейтіп, Израильге қарсы күштердің топтасуына жағдай жасап отыр деп жазады Democrat.kz.

“Түркия қазір -жаңа Иран. Ердоған — айлакер әрі қауіпті саясаткер. Ол Израильді қоршауға алуға ұмтылып жатыр. Біз бұған енді бейжай қарай алмаймыз”,-деді Беннет.
 
Айта кетейік, Нафтали Беннет Израиль үкіметін 2021-2022 жылдары басқарған.
 
Сарапшылардың айтуынша, мұндай мәлімдемелер аймақтағы геосаяси шиеленісті одан әрі ушықтыруы мүмкін. Ал бұл жағдай жазғы туристік маусым қарсаңында Түркияға баруды жоспарлаған демалушыларды алаңдатпай қоймайды.
 
Әзірге ресми деңгейде қандай да бір әскери іс-қимыл туралы ақпарат жоқ, дегенмен саяси риториканың күшеюі қоғамда түрлі сауал туғызуда деп жазады  kerekemes.kz.
Барлық жаңалықтар