"Жағыңды айырамын!"деген Сәкен Майғазиев үлкен сынға ұшырады

"Жағыңды айырамын!"деген Сәкен Майғазиев үлкен сынға ұшырады

МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев кезекті бір сұхбатында тойдағы тамаданың жағасына жармасқанын айтып, келеңсіз оқиғасын баяндады деп жазады Democrat.kz.

Сәкен Майғазиев ауыл жақтағы бір тойда болған келеңсіз оқиғаны еске алып: "Асаба жігіт қоймайды, "пәлен деген ру бар ма, қане көтеріңдерші!"деп қоймады. 

Мен ру туралы осындай әңгімені жек көремін. Қай қазақтың атасы сорлы болды? Бәрі батыр болды ғой!

Әлгі асабаны шетке шығарып, жағасына жармастым. "Зіңгіттей жігітсің. Мынау отқа май құйып, екі руды таластырып отырғаның не?"дедім.

Сол кезде тілек айтқан бір апа "пәлен деген руыңды бір жеріңе бірдеңе етіп қой" деді. 

Асабаға "міне, көрдің бе, не болды?! Енді ру туралы бірдеңе айтсаң, жағыңды айырамын!"дедім", деп қазақтың руға бөліну әдетін сынады. 

Желі қолданушылар әншінің айтып отырғанын "дұрыс" деп қолдап та жатыр. Әйтсе де, кейбіреулер "қоя қойшы, өтірік айтпай!", "судырахметов екен ғой бұл", ван дам болған екен", "суайт" деп сынап жатыр. 

Барлық жаңалықтар