Жалаңаш ДжейЛо туралы жұрт білмейтін деректер: Ол біздікілер сияқты баланың несібесіне қол салмады

Жалаңаш ДжейЛо туралы жұрт білмейтін деректер: Ол біздікілер сияқты баланың несібесіне қол салмады
Астанаға келген Дженифер Лопестің шоу концерті қазақ қоғамында әлі тоқаусыз талқылануда. Әншіні сын тезін алған қауымның пікіріне қатысты белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы арнайы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Неткен өшпенділік..."Қарсылар" мен "жақтастарды" айтам.. "Абайдың бір шумақ өлеңін жаттап алса қайтеді?" деген пікірді оқығанда ащы жымидым..
 
Елді тонап жатқан жемқорлардың арасында Абайды жатқа айтатындар жетерлік.
 
Абай айтып кеткен талаптарға өзіміз сай бола алмай жүрген жоқпыз ба? Бізге керек емес Абайды баяғыда жаһандық әртіске айналған Джей Ло нетсін?
 
Әлде дәл қазір Семейге Абайдың тойына мемлекет есебінен ағылып жатқандар шетінен періште ме?
Джей Лоның концертіне ұнатқан адам барды..
Ұнатпаған бармады...
 
Өз басым Джей Ло деген әншінің бір де бір әнін толық тыңдаған емеспін. Бірақ ол деген ол нашар әнші деген сөз емес қой.. "Жалаңаш" дерсіз.. Джей Ло үшін ол үйреншікті жағдай..
 
Жаһандық, либералды көзқараспен қарағанда ол өз бейнесін ашық көрсететін кәсіби әртіс.. Джей Ло секілді кәсіби әртіс өз аудиториясының талғамын ескермеуі мүмкін емес.. Бұл жерде қателік турды ұйымдастырушылар арасындағы Қазақстандық өкілдер тарапынан кеткен секілді..
 
Олар қазақ халқының батыс, шығыс және ислам мәдениетінің шектескен тұсында жатқан ел екенін ескеріп, протоколға белгілі бір талаптарды енгізгенде Джей Ло міндетті түрде ескерер еді деп ойлаймын..
Себебі ол нағыз кәсіби әртіс...
 
Ал екінші қырынан қарасақ..
Кәстөм-шалбар, ақ көйлек-галстукпен арқасына көк туды қойып отырып, жетім-жесір мен бала-шағаның несібесін миллиардтап ұрлаған ағайының аз ба?
 
Білім саласынан миллиардтарды ұрлаған бухгалтерлердің басым бөлігі әйелдер - біреуіңнің қызың, қарындасың, әпкең, келінің, қала берді қазақ балалардың анасы.. Тізеден төмен көйлек киіп жүріп-ақ қазынаға шімірікпей қол салды.
Соларға зәрлеріңді неге шашпайсыңдар?
Дженнифер Лопес (J.Lo) — тек әнші, актриса және бизнесвумен ғана емес, сонымен қатар белсенді қайырымдылық жанашыры. Оның қоғамдық және гуманитарлық қызметі бірнеше бағытты қамтиды.
 
1. The Lopez Family Foundation
2009 жылы Дженнифер Лопес анасы Гваделупе Родригес және әпкесі Линдамен бірге Lopez Family Foundation қорын құрды. Қордың басты мақсаты — әйелдер мен балаларға медициналық көмек пен білім алуға тең қолжетімділік жасау.
Олар АҚШ пен Латын Америкасында ана мен бала денсаулығын жақсартуға бағытталған жобалармен айналысты.
 
2. Қайырымдылық концерттер мен шаралар
Дженнифер бірнеше мәрте табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында қайырымдылық концерттерге қатысқан. Мысалы:
2017 жылы Пуэрто-Рикодағы дауылдан кейін ол Marc Anthony және Alex Rodriguez-пен бірге $35 миллионнан астам қаражат жинады.
2001 жылы 11 қыркүйектегі теракттен кейін қайырымдылық әндерге қатысты.
 
3. Time’s Up және басқа әлеуметтік бастамалар
Лопес Time’s Up қозғалысына қолдау білдіріп, әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған шараларға белсенді қатысады. Сонымен қатар ол нәсілдік теңдік, білім беру және кедейлікпен күрес мәселелеріне бей-жай қарамайды.
 
4. Жеке көмегі
Дженнифер Лопес кейде өзінің жеке қаражатымен де адамдарға көмектесіп жүреді, алайда ол мұны көпшілікке жария етуді ұнатпайды. Бұл оның шынайы ниетін көрсетеді.
Джей Ло — шоу-бизнес әлеміндегі табысты жұлдыз ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін азамат. Оның қайырымдылық әрекеттері өнер мен гуманизмді біріктіреді" деп жазды Өмір Шыныбекұлы. 
Барлық жаңалықтар