"Жалаңаш қыздар топырлап тұр" деген Баян Алагөзова мәлімдеме жасады

"Жалаңаш қыздар топырлап тұр" деген Баян Алагөзова мәлімдеме жасады

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында бірер күн бұрын өткен "КешьЮ" тобының мерейтойлық концертіндегі қызықтар мен алдағы жоспары туралы мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Продюсердің айтуынша, "КешьЮ" қыздары концертке өте қарқынды дайындалған. Тіпті күніне жүз рет репетиция жасағандарын айтып: "Сенесіздер ме, қыздар күніне жүз рет киініп, шешініп жаттықты. 

Әр киінуге қырық секунд уақыт бердік. Сахнаның сыртында топырлаған қыздар. Жалаңаш қыздар топырлап, киім ауыстырып, жанталасып жатты. 

Қыздардың бұл талаптарды сәтімен орындағанын ерекше айтқым келеді", деген Баян Мақсатқызы алдағы жоспарымен бөлісті. 

"Алматыда өткізген шоуымыз өз мәресіне жетті. Ендігі ойымыз дәл осындай шоуды Астанада өткізсек деп отырмыз. Сіз бұған қалай қарайсыз?"  Деген продюсер оқырмандарына сауал тастады. 

Барлық жаңалықтар