"Жалғыз қызым болса да, ештеңе қалдырмаймын" деген Мақпал Жүнісова ағынан жарылды

"Жалғыз қызым болса да, ештеңе қалдырмаймын" деген Мақпал Жүнісова ағынан жарылды

Әнші Мақпал Жүнісова өзінің кезекті сұхбатында болашақ жоспары туралы ашық айтып, жалғыз қызы Мерейге қандай мұра қалдыратынын жасырмады деп жазады Democrat.kz.

Мақпал Жүнісова болашақта жалғыз болғанына қарамастан, қызы Мерейге ақшалай мұра қалдырмайтынын айтып: "Мен әу бастан Мерейге "саған менен ақша қалмайды" деп айтып келемін. 

Мен сен үшін ақша жинамаймын. Дайындап ештеңені бермеймін. Пәлен дипломымен базарда тұрғандар бар. Соларды да көреді қызым. 

Саған менен ақша қалмайды. Оқыттым, бірнеше тіл білесің. Аударма жаса, өзің ақша тап. Солай үйрен. Менен әрі кетсе, мынау отырған үйіміз қалар. 

Болмай бара жатса, осы үйді сатып, бір бөлмелі пәтерге өтерсің. Бірақ мен сен үшін ақша жинамаймын. Өзіңе керек ақшаны өзің еңбектеніп табуың керек деп айтып отырамын", деген әнші бала өзі жұмыс істеп өзі ақша табуы керек екенін айтады. 

 

Барлық жаңалықтар