"Жаман ырым" дескен жұрт Динара Сәтжанды аямай сынап тастады

"Жаман ырым" дескен жұрт Динара Сәтжанды аямай сынап тастады

Блогер Айжан Қыдырман әлеуметтік желідегі парақшасында қызының тұсаукесерін танымал тележурналист Динара Сәтжан кескенін айтып, мақтанып, жазба жариялап, жұрттан сын естіп қалды деп жазады Democrat.kz.

Блогер парақшасында: "Қызымыздың тұсаукесер рәсімін біз ерекше жан — Динара Сәтжан ханымға сеніп тапсырдық!

Бұрын Динара ханыммен жұмыс істеген сәттерде-ақ оның бойынан нәзіктік пен даналықты, қарапайымдылық пен қайсарлықты қатар көретінмін. Ол — өз ісіне адал, отбасын бәрінен биік қоятын, айналасына жылу мен шабыт сыйлайтын жан. Әйелге тән көркем мінезі, тәрбиесі, еңбекқорлығы мен ішкі мәдениеті ерекше admiration тудырады. Сол кезде ішімнен бір ой туған еді: егер Алла қаласа, үш ұлдан кейін, дүниеге қызым келсе, міндетті түрде оның тұсаукесерін дәл осы Динара ханымға сеніп тапсырар едім деп армандайтынмын…

Міне, шүкір Аллаға, сол арманым орындалып, 41 жасымда қызды болып, бүгін сол ерекше күнге де жеттік.

Қазір менің қызымның тұсауын дәл сол арман болған жан — Динара Сәтжан кесіп жатыр. Бұл сәт мен үшін өте әсерлі, жүрекке жылы, ерекше бақыт.

Аллаға сансыз шүкір… армандар орындалады екен.

Әрбір ана қызының бойында осындай асыл қасиеттер болғанын армандайды ғой… Біз де қызымыз мейірімді, дана, парасатты, жүрегі таза, өз жолын таба білетін, қайсар мінезді, көркем, инабатты қыз болып өссін деп ниет еттік"деп жазып, видео жариялады. 

Әйтсе де, жұрт кішкентай қыздың тұсауын кескен Динара Сәтжанды да, тұсауы кесілген қыздың анасын да сынап тастады. 

Жұрт "Динара секілді бай біреуге байға тисін деп кестірдің бе?", "басқа адам таппадың ба, тұсау кесетін?", "Дені сау адам табылмады ма?, тұсауды алдынан кеседі", "Байдан байға шыққан қатынға сәбидің тұсауын кестірмейді. Оның үстіне қап-қара көйлекте", "Неге бірнеше рет куйеуге шыққан әйелге кестіресіңдер,салиқалы өсіп өнген ,өнегелі аналарымыз бар ғой", "Тұсауын кесетін,дұрыс тағдырлы адам болмады ма,Динара сондай тағдырлы,үлгі алатын адам ба,бұл баланың болашағы дұрыс болсын десең,қай жағынан болсын,үлгі алатын адам болуы керек"дегенге саятын пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар