Жан жақтан езіп, жаншып тастаған мұғалімнің жағдайына кім жауапты?

Жан жақтан езіп, жаншып тастаған мұғалімнің жағдайына кім жауапты?
Белсенді педагог Дана Рау күні кеше Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың мұғалімдердің біліктілігіне қатысты айтқандарына қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
Еске салып өтейік, кеше депутат Ирина Смирнова "Мұғалімдердің жартысынан көбі өз пәндерін білмейді" дегенге саятын пікір білдіріп, аттестациядан өте алмаған мұғалімдерді сынаған еді.
 
Депутаттың осы айтқандарына қатысты белсенді педагог Дана Рау: "Ым-да. Сөзім жоқ. Не дейтін еді атам қазақ "Сенген қойым сен болсаң.."? Бәрінің ермегі мұғалім болды. Жартысының көбі өз пәнін білмейтінін қалай өлшеді екен? 
 
Әлде журналистер әдеттегідей контексттен жұлып алды ма?! Әлде сайлау жақындап қалды ма?! Бұлай айту үшін "веское основание" керек. Мұғалім өз пәнін білмесе кім кінәлі?
 
Содан бастайықшы. Мұғалімнің "сауатын ашады" деген жобаны онда неге жабылып тоқтатып тастады?! Немесе мұғалімді кім басып, жасытып тастады? Соны неге айтпады?
 
Рас қой, балаға қарап ескерту айтпақ түгелі, төмен бағалай да алмайды ғой мұғалім. Бір иығында таяқ ұстаған басшылық, екінші иығында шоқпар ұстаған ата-ана. Дәрменсіз әкімшілікті неге айтпайды?!
 
Түрлі науқаннан сабақ оқыту былай қалып жатқанын неге айтпайды?! Мұғалімді қағазбастылық, есептен босатамыз деп жатады. Шын мәнісінде айтқан сайын басып бара жатқанын неге айтпайды?!
 
Мұғалімдердің де еті үйреніп алған қазір. Айта берсін деп мән бермейді. Елдегі жүз мыңдаған мұғалім бәрібір де шын ықыласымен өз миссиясын атқарып жатыр.
 
Миллиондаған шәкірттерін қанаттандырып жатыр. Ал қоғамдық жағдаймен өлшесе, онда өздерінен бастасын. Мұғалім ол мұғалім. Депутат емес, министр емес, экономист емес, тағысын тағы.
 
Баланы мектебінен ұшырғаннан кейін оны қондыратын — қоғамның ортасы.
 
Өйткені мектептен тыс қалған бала бір сәтте бос кеңістікке түспейді: оны көшенің тәрбиесі, бұқаралық мәдениет, әлеуметтік орта, достар ортасы, еңбек нарығы өз ережесімен қабылдайды.
 
Егер бұл ортада қолдау, бағыт-бағдар, құндылық, қауіпсіздік болмаса – бала өзін басқа, көбіне қауіпті жолдардан табады.
 
Сондықтан баланы мектеп қана емес, қоғам да «қондырып», қолдай білуі тиіс.
 
Оған:
қауіпсіз әлеуметтік орта,
мағыналы іс-әрекет (спорт, үйірме, өнер, еріктілік),
қамқоршы ересек пен ментор,
еңбекке, қоғамға пайдалы болу мүмкіндігі,
өзін бағалау, өз орнын табу кеңістігі
берілгенде ғана бала қанатынан айырылмайды.
 
Мектеп – ұшыратын, қоғам – қондыратын алаң. Екеуінің байланысы үзілсе, бала да бағдарынан жаңылады.Ал он мұғалімнен көре бермейік. Бір сәт сынаушы өзіне де баға беріп көрсін"деп жазды.
Барлық жаңалықтар