Үш жыл бойы Жаңа адамдардың AntiTrash Азаматтық науқаны ел аумағында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтап, тұрақты түрде рейдтер жүргізеді. Астанадағы жағдай аса күрделі: өткен жылы Есіл ауданында ғана 82 мың тоннадан астам қоқыс анықталған деп жазады Democrat.kz.
Жаңа адамдар Астанада Қабанбай батыр көшесінде құрылыс қалдықтарының ауқымды көлемде заңсыз жиналып жатқанын анықтады. Аумақта жүк көліктері құрылыс қалдықтарын әкеліп, оларды тікелей шұңқырларға төккен. Сол жердегі жұмысшылар аумақта ешқандай қоқыс жоқ екенін және заңсыз төгінділер болмайтынын айтты. Сол кезде Жаңа адамдар құрылыс қалдықтарының бар екенін бейнежазбаға тіркеді. Түсірілім басталған сәтте жүк көліктері аумақтан кетіп қалды. Келесі күні белсенділер сол жұмысшыларды сол көліктермен бірге жақын маңнан анықтады. Бұл жолы олар жаңа құрылыс қалдықтарын басқа жерге төгіп жатқаны белгілі болды.
Кезекті заңсыз төгіндіге тосқауыл қойылды. AntiTrash Азаматтық науқаны жүк көліктерінің жолын бөгеп, көліктерге арнайы стикерлер жапсырды. Хабарламалар жүргізушілерге анық көрінуі үшін көліктердің алдыңғы әйнектеріне: «Қоқыс тастама — ұятқа қалма, рөлде тек сен емес, сенің ар-ұятың» деген жазуды орналастырды. Жүргізушілердің бірі белсенділермен сөйлесуге шықты. Алайда жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жүк көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп алды.
Максат Абитай, Жаңа адамдар:
«Біз өзіміз өмір сүретін ортаны қорғаймыз. Бірақ үйімізден шыққан сәтте қоршаған ортаға деген қарым-қатынасымыз өзгереді — оны өзіміздікі деп қабылдауды тоқтатамыз. Қазақстанның табиғаты — бәрімізге ортақ жауапкершілік екенін түсінгенде ғана, оны өзіміз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де сақтай аламыз».
Бейнежазбаға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1WO3iObinGRsHs9WVtUlXNogtWpN2owHa?usp=share_link
Байланыс контактілері:
Жаңа адамдар көсбашсысы Владимир Изюмников – 8 775 387 05 08
Жаңа адамдар баспасөз хатшысы Мадина Бигильдинова – 8 707 468 17 10