Қазақстанда 2026 жылғы Жаңа жыл мерекесіне ресми демалыс күндері – 1 және 2 қаңтар, ал 7 қаңтар – Рождество болып белгіленген, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
2026 жылы Жаңа жыл аптаның соңына түседі. Сондықтан қазақстандықтар 30 және 31 желтоқсанда жұмыс істеп, кейін 4 күн қатарынан демалады. 5 қаңтарда қайта жұмысқа шығып, Рождествоға дейін екі күн жұмыс істейді.
7 қаңтар – Рождество сәрсенбіге сәйкес келетіндіктен, апта ортасында тағы бір демалыс күні болады.
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша демалыс
- 30, 31 желтоқсан – жұмыс күндері
- 1, 2, 3, 4 қаңтар – демалыс
- 5, 6 қаңтар – жұмыс
- 7 қаңтар – демалыс
Барлығы: 12 демалыс күні және 19 жұмыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша демалыс
- 30, 31 желтоқсан – жұмыс
- 1, 2 қаңтар – демалыс
- 3, 5, 6 қаңтар – жұмыс
- 7 қаңтар – демалыс
Барлығы: 7 демалыс күні және 24 жұмыс күні.