Әлем 24 уақыт белдеуіне бөлінгендіктен әр ел жаңа жылды әртүрлі уақытта қарсы алады деп жазады Democrat.kz.
Жалпы уақытты есептеу даталардың ауысу сызығынан басталғандықтан, сол сызыққа ең жақын елге жаңа жыл бірінші келеді. Бұл ел - Кирибати. Мысалы Кирибатиде түнгі 12-де 1-ші қаңтар болғанда Қазақстанда әлі түскі 3 болады.
Одан кейін Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония, Корея сияқты елдер жаңа жылды қарсы алады. Ал бұл тізімнің соңында Кирибатиге өте жақын орналасқан Америкалық Самоа аралы. Екеуі жақын орналасса да уақыт белдеуінен біріне жаңа жыл ерте келсе, біріне ең соңғы жетеді.