Жаңа Конституция: Қандай кісілер азаматтығынан айырылады?

Жаңа Конституция: Қандай кісілер азаматтығынан айырылады?

Қазақстан азаматы қандай қылмыстарына қарай енді азаматтығынан айырылатыны Жаңа Конституцияда анық көрсетілмек деп жазады Democrat.kz. 

Жаңа Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріледі және тоқтатылады, ол берілген негізіне қарамастан бiрыңғай және тең.

“Қазақстан Республикасының азаматын өз азаматтығынан айыруға, азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге аластатуға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыс жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін сот шешімімен ғана жол беріледі”, – делінген Ата Заңда.

Сондай-ақ Қазақстан азаматы қос азаматтық ала алмайды. Егер ол өзге елдің азаматтығын алса, Қазақстан азаматтығынан айырылады.

Барлық жаңалықтар