Жаңа Конституция туралы сұрақ қойған БАҚ айыппұл арқалады

Жаңа Конституция туралы сұрақ қойған БАҚ айыппұл арқалады

Қостанайдағы аймақтық "Наша газета" оқырмандарға Конституция туралы сұрақтар қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz -ке сілтеме жасап. 

11 ақпанда сағат 17:00-де "Апта сұрағына" жауаптар жинаған. "Наша газета" басылымның бас редакторы Тимур Гафуровтың сөзінше, сол уақытқа дейін президент жарлығы әлі шыққан жоқ.

Апталық "Наша газета" баспагері "Твой Шанс" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Судья баспагерді Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 1-бөлігі “Сайлауға байланысты қоғамдық пікірді сұрау салу шарттарын бұзу” бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 30 АЕК (129 750 теңге)  айыппұл салынды. Іс Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар сотында қаралды.

Прокуратураның мәліметінше, "Наша газета" конституциялық түзетулер туралы қоғамдық пікір сауалнамасын заңды бұза отырып жүргізген. Сауалнаманы жүргізген заңды тұлғаны немесе оған тапсырыс берген және төлеген адамды көрсетпеген.

Газет өзінің "Апта сұрағы" айдары қоғамдық пікір сауалнамасы емес екенін және бұл сұрақ референдум жарияланғанға дейін оқырмандарға қойылғанын мәлімдейді.

Барлық жаңалықтар