Жаңа тәртіп: Енді онлайн кредитті оңай бермейді

Жаңа тәртіп: Енді онлайн кредитті оңай бермейді

Онлайн кредит алудың жаңа тәртібі бекітілді.
Енді банк пен микроқаржы ұйымдарынан онлайн кредит алу үшін биометриялық тексеруден өту міндетті деп хабарлайды Democrat.kz.  сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жүйе адамның «тірі» екенін анықтау үшін «басыңды бұр», «көзіңді жыпылықтат» деген сияқты бірнеше тапсырма береді. Егер тексеріс үш реттен өтпесе, кредит берілмейді. Тексеру кезінде алынған бейне мемлекеттік дерекқордағы немесе арнайы базаға енгізілген суретпен салыстырылады.

Осылайша бөтен адамның фотосын немесе видеосын пайдалану мүмкіндігі шектелмек.

Барлық жаңалықтар