Танымал әнші Жанар Айжанованың таяуда дүние есігін ашқан немересін еміреніп, еркелеткен видеосы жұрттың талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз таяуда ғана босанып, екінші ұлын дүниеге әкелген болатын.
Кішкентай сәбиді құшағына алған әнші Жанардың немересін еркелетіп, "тәттім қайда, көзіңнен айналайын, әжесінің кішкентайы, балапаным қайда, таусоғарым қайда" деп еміренген видеосы жұрттың жүрегін елжіретті.
Десек те, әншінің киімін сынап, "бұтына не киіп алған", "немере емес, жиені", "әншінің жалғыз қызы бар, сондықтан оған немере" дегенге саятын пікірді жұрт қарша боратып жазуда.