Жанар Байсеміз Құралай ханыммен сұхбатын YouTube-тан өшіріп тастады

Жанар Байсеміз Құралай ханыммен сұхбатын YouTube-тан өшіріп тастады

Танымал журналист Жанар Байсеміз өзінің YouTube арнасындағы психолог Құралай ханыммен болған сұхбатты өшіргенін жария етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазба қалдырып, қоғамдағы дін мен моральға қатысты пікірталастарға өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Democrat.kz Todayinfo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

 

Желі қолданушылары тарапынан айтылған сындарға жауап ретінде Жанар Байсеміз дін ұғымдарын жаңаша түсіндіруге тырысты. Ол:

 

«Анау күнә, мынау күнә деп жазатындар зб. Күнә деген не? Күнә деген зиян деген сөз. Егер маған қандай да бір нәрсе зиянын тигізіп жатса, мен ол нәрсемен айналыспаймын», — деп жазды.

 

Журналисттің айтуынша, Құдай жазалаушы емес, керісінше, адам өзіне зиян келтірсе, оның салдарын осы дүниеде көреді. Ол жұртты ақырет туралы ойламай тұрып, осы өмірдегі тіршілігін жөндеуге шақырды.

Барлық жаңалықтар