Әдетте, ешкімнің өміріне араласпаушы едім, қазақ әдебиеті марқасқаларының бірі Мұхтар Мағауин сұқбат берген соң, өзім жылы тартып жүргем.
Бұл - Жанар Байсеміз деген әріптес еді. Әйтеуір, менің түйсігімде «қазаққа қамқоршыдай» көрінген. Сөйтсем, бүгін оның жазбасын оқып, мүлдем безіп кеттім...
Әр сұқбат алған кейіпкеріне күлімдеп, жұмсақ сөйлеп, қазаққа жанашырша сөйлеп отыратын Жанар Байсеміз былай дейді: «Мен итальяндыққа тұрмысқа шыққан кезде қарапайым адамдар емес, журналистер сынап, мені «Қазақстан азаматтығынан шығару керек» деген сөздер айтқан.
Мен «шетел азаматына тұрмысқа шығамын» деп ойлаған жоқпын. Ондай жоспарым да болған жоқ. Менен 20 жыл бұрын сұхбат алса, мүлде басқаша жауап берер едім. Қыздарға «шетелдікке күйеуге шығыңдар» деп насихаттағым келмейді. Әлеуметтік желіде де ондай насихат жүргізбеймін. Мен дәл қазіргі жағдайымда адамды ұлтқа, дінге бөлмеймін.
Мен тұрмысқа шыққанда, өте көп сын айтылды. Әлі күнге дейін маған адамдар «Қызғанамыз, өзіміздің ұлтымызға шыққаныңда ғой» деп жазады. Ондай нәрселер жазылмауы керек деп ойлаймын. Қалай бар - солай қабылдауы керек.
Мен сонда отбасымды бұзып, қазаққа шығуым керек пе? Қисынға келмейді...»
Жоқ, сіз жатқа қарамауыңыз керек еді. Ертең ұлыңыз қытай қызын алып келсе немесе қызыңыз негрге күйеуге шықса, сіздің: «Мен адамды ұлтқа, дінге бөлмеймін. Маған адамдар «Қызғанамыз, өзіміздің ұлтымызға шыққаныңда ғой» деп жазады. Ондай нәрселер жазылмауы керек. Қалай бар - солай қабылдауы керек. Мен сонда отбасымды бұзып, қазаққа шығуым керек пе? Қисынға келмейді...» - деген өтірігіңізге өзім ешқашан сенбеймін.
Шетелдікке күйеуге шыққан және шетелдік қызға үйлегеннің екеуін де Қазақ азаматтығынан алып тастау керек. Шіріген жұмыртқа - тауық болмайды!" Деп жазды
Қажымұқан Ғабдолла.