Жанар Дұғалованың дауысын пайдаланып жүрген әйел ұсталды

Жанар Дұғалованың дауысын пайдаланып жүрген әйел ұсталды

Желідегілер жаға ұстатарлық жағдайға куә болды, деп жазады Democrat.kz.

Тараған бейнежазбаға зер салсақ Жанардың дауысын пайдаланып жүрген әнші Алматы барларының бірінде көзге түскен. Ол Дұғалованың орындауындағы Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған «Ризамын» атты әнін қаннен-қаперсіз шырқап тұрған шақта камераға ілінген. 

Көрген жұрт «Жынды шығар, тым құрығанда өз дауысына келтіріп жаздырмай ма?», «Ужас, не болып кетті сахна?» деп таңданысын жасырмауда. Арасында «Мынаны Жанар көріп, талып қалған шығар?» деп әзілге алғандар да бар. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз, көшіріп басқан сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар