"Жаңатұрмыс" мектебі мектепті медресеге айналдырмақ па, бұл не?

"Жаңатұрмыс" мектебі мектепті медресеге айналдырмақ па, бұл не?

Алматы облысы, Қарасай ауданындағы "Жаңатұрмыс" мектебінде оқушылар ораза тұтқан мектеп қызметкерлеріне ауызашар заттарын таратып жүр деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы "Жаңатұрмыс" мектебінің әлеуметтік желідегі парақшасында: “Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектебі”КММ-нің 10” Б”сынып оқушылары 1 наурыз -Алғыс айту күні қарсаңында ұстаздарына,мектептің кіші қызметкерлеріне алғыс айта отырып,Рамазан айымен құттықтады.

Өздерінің шынайы көңілдерін білдірген шәкірттерімізге айтар алғысымыз шексіз!" деген жазбамен видео жарияланды. 

Видеодан оқушылардың құрма мен суды мектептегі аузын бекіткен қызметкерлерге таратып жүргенін байқауға болады. 

Қазақстан мемлекеті -зайырлы мемлекет. Бұл елдегі білім беру мекемелері, оның ішінде мектеп діни емес, зайырлы білім беру бағытымен жүреді. 

Олай болса, "Жаңатұрмыс" мектебіндегі мына нәрсе мектепті медресеге айналдыру емес пе? 

Діни әдетті зайырлы мектептің ішінде атқару заңға қайшы емес пе? 

Зайырлы елдің мектебінде жүріп, өзінің діни жоралғысын мәртебе санап, ол жоралғысына кәмелеттік жасқа толмаған баланы араластырған мұғалімді қалай түсінбек керек? 

Ал оқушылардың су мен құрманы көшеден жинамағанын ескерсек, мектеп жасындағы баланың мектептің ішінде ақша жинап, ауызашар заттарын таратуына заңымыз не дейді?

Бұл мәселе бойынша Оқу ағарту министрлігі, Алматы облыстық Білім басқармасы не айтар екен? 

Барлық жаңалықтар