Әлеуметтік желіде қазақтың ежелден келе жатқан ырымына қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz.
Нұрдәулет ЕсАғасы атты әлеуметтік желі қолданушы қазақтың жаназа рәсімдеріне қатысты ырым, тыйымдарды айтты.
Соның бірі жаназадан кейін, яғни қаралы үйге көңіл айтып шыққан кісі ешқайда бұрылмай, тіке үйіне қайтуы керек дейтін ырым.
"Қаралы үйге көңіл айтып шыққан соң, қазақ басқа біреудің үйіне бас сұқпайды. Бұлай ету жаман ырым саналған.
Алыстан келген көңіл айтушылар да ең алдымен сол жердегі туыстарын алдын-ала аралап, амандасып шығып, сосын қаралы үйге барып, көңіл айтып шыққан соң, тіке үйіне қайтқаны жөн" дейді Нұрдәулет ЕсАғасы.
Нұрдәулеттің бұл айтқандарын "дұрыс" деп қолдағандармен қатар, қарсы шыққандар да бар.
"Нұрлан имам "тек сүйекке түскен кісі ғана тіке үйіне қайтуы керек" екенін айтты. Ал басқа кісілер қаралы үйден шыққан соң, қалаған жеріне бара берсе болады", "қазақта мұндай ырым жоқ", "ойдан құрастырылған" дегенге саятын пікірлер жазуда.