"Жаназамда арабша дұға жасалмасын!" деген блогер имамдарға ескерту жасады

"Жаназамда арабша дұға жасалмасын!" деген блогер имамдарға ескерту жасады

Блогер, тиктокер Қатжанова Аида өзінің болашақтағы жаназасына қатысты мәлімдеме жасап, "мен өлгенде арабша дұғалар оқылмасын" деді деп жазады Democrat.kz.

Аида Қатжанова өзін "тәңіршілдік" дүниетанымда жүргенін айтып, болашақта болатын жаназасын қалай өткізілетініне қатысты:

"Мен тәңіршілдік дүниетанымыда жүрген адаммын. Осы себепті де менің ішкі дүниетанымыма басқалардың құрметпен қарауын талап етемін. Себебі мен де басқалардың діни, сенім түсініктеріне құрметсіздік жасаған емеспін, жасамаймын да. 

Мен ешқашан әлдекімнің намаз оқығанына кедергі келтіріп, тіпті жайнамазды аяқпен басқан емеспін. Өзгелердің сеніміне мен қалай құрметпен қарасам, маған да солай етуді талап етемін. 

Мен қайтыс болғанда, жаназамда ешқандай арабша сөз қолданбауды, арабша дұға жасамауды талап етемін. Бұ менің таңдауым" деп, туыстары мен жақындарына да ескерту жасады. 

Барлық жаңалықтар