"Жаңбыр адам" Алтай Айнабек еліміздің бірнеше облыстарында ауа айына қатысты жұмыс бастағандарын хабарлады деп жазады Democrat.kz.
"Бірінші апталық жұмыс есебі: Бірінші аптада Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында температура түсіре алдық.
Түркістан облысы таулы аудандары, Жамбыл облысы, Алматы облысы, қазір Арал түгілі Қызылорда облысындағы күрішшілерге су тауып бере алмай отырған Сырдарияның бастауы Қырғызстаннанда жауын-шашын күрт көбейді.
- Әлемдік Банк пен Азия даму банкінің дайындаған «Қазақстанның климаттық тәуекелдері» құжаты бойынша, температура тек 2 градусқа төмендегенде;
* Адамдардың жұмыс істеу қабілеті 20% ға артады.
* Электр қуатын 8% ға дейін үнемдеу. Яғн, нәрестеден қартқа дейін әрбір қазақстандық 12,6 кВт.сағ пайдаланса, адам басына бір күнде 870 т, айына 26 000 теңге, ал қазір біздің технологияның әсері болып жатқан 9,5 миллиондай асатын өңірге шақсақ дөңгеленген сомма шығады;
* Денсаулық сақтау саласы, құрылыс сапасы, көліктердің жанар май үнемдеуі, дала мен орман өрттерінің кемуі, т.с.с
Бірінші апта үшін, шілде айында қосқанымызды екенін ескерсек, жаһандық жылынуды ескерсек, жаман емес!
Климатты бір үйретіп алған соң технология әсері бұйырса күшейе береді" деп жазды Алтай Айнабек.
"Жаңбыр адамның" жазбасына қатысты алғысын жаудырған кісі көп. "Аптап ыстықтан жанымызды қоярға жер таппай, қатты қиналдық" дескен жұрт соңғы екі күнде өздері жақтағы ауаның біршама салқындап, рахаттанып қалғандарын жеткізуде.