Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп жазады Democrat.kz. сайты Kazhydromet.kz.-ке сілтеме жасап.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. 19–20 тамызда солтүстік облыстарда, 20 тамызда Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жаууы болжанады.
Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+38°C-қа дейін көтеріліп, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°C-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +27...+35°C, Қостанай облысында +20...+30°C болады.
Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасының +17...+22°C-қа дейін төмендеуі күтіледі.
Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы +18...+30°C-қа дейін төмендейді.
Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30...+37°C аралығында болады.
Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы +28...+35°C болады.