Жангелді Шымшықов: "Трамп Қазақстанға ескерту жасады"

Жангелді Шымшықов: "Трамп Қазақстанға ескерту жасады"

YouTube-дегі "Qasqa Jol" арнасында  экономика ғылымдарының кандидаты, қоғам белсендісі Жангелді Шымшықов Қазақстанның қазіргі геосаяси жағдайына қатысты маңызды пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

Оk АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың соңғы мәлімдемелері Қазақстанға да тікелей қатысы бар үлкен ескерту екенін айтады. Шымшықовтың сөзінше, Америка Құрама Штаттары Қытай мен Ресейге бағытталған қатаң санкциялар жарияласа да, бұл процесс Қазақстанды айналып өтпейді. Себебі біз осы екі алпауыт мемлекеттің дәл ортасында орналасқан стратегиялық аймақпыз.

“Біз көршілерімізге салынған экономикалық санкциялардың арасында қаламыз. Бұл – біздің экономикамызға, логистикамызға, тіпті ұлттық қауіпсіздігімізге дейін әсер ететін мәселе. Қазақстан үшін бұл ескерту – үлкен белгі. Әлемдік саяси шахмат тақтасында бізге де жүріс жасау керек,” – деді Жангелді Шымшықов.

Сұхбат барысында Жангелді Шымшықов Қазақстанның алдағы жылдары геосаяси қысымға түсуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, егер билік тарапы қазіргі жағдайды дұрыс сараламаса, Қазақстан аса қиын таңдау алдында қалады.

“Қазақстан билігі бұл мәселені дұрыс түсінуі керек. Ресей мен Қытайдың ортасында отырып, бізге ештеңе болмайды деп ойлау – қате. АҚШ Трамп арқылы немесе басқа президент арқылы бізге ‘өз бағытыңды таңда’ деген белгі беріп отыр,” – дейді сарапшы.

Жангелді Шымшықов Трамптың сөзін тікелей Қазақстанға арналды деп айту қиын екенін, бірақ астарлы мағынада бұл – бізге жасалған ескерту екенін атап өтті.

“Америка ашық айтпайды, бірақ астарлап айтты: ‘Кімнің жағындасыңдар? Қай тарапты таңдайсыңдар?’ деген сұрақ тұр. Егер біз Ресей мен Қытайға тым жақындап кетсек, Батыстың экономикалық санкциялары бізге де тиеді. Егер тепе-теңдікті сақтамасақ, қауіп күшейеді. Бұл – үлкен саясаттың шындығы,” – деді ол.

Барлық жаңалықтар