Жанқош Тұраровты оқырманы сынап, масқарасын шығарды

Жанқош Тұраровты оқырманы сынап, масқарасын шығарды

Парламентте анасын туған күнімен құттықтаған депутат Ардақ Назаровты қолдап жазба жариялаған Жанқош Тұраров жұрттан оңбай сөз естіді деп жазады Democrat.kz.

"Кез келген ата-ананың ең үлкен арманы - салихалы ұрпақ! Аллах тағала ер адамның жәннатын анасының табанының астына салып қойған. Анаға

қандай құрмет көрсетсе де артық етпейді.

Құдайдан үміті бар кез-келген ата-ана баласының дәл осылай мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар деймін! Баршамызға осындай үлгілі ұрпақ өсіруді бұйыртсын!

Ата-анамыздың қартайған шағында ұрпағының жетістігін көріп, батасын бергеннен асқан бақыт бар ма?! Өте орынды, әсерлі құттықтау болды Ағатай!"деп жазды Жанқош Тұраров. 

Жанқоштың бұл жазбасы оқырмандарына ұнамады. Тіпті кей оқырманы "өтірік чемпиондар", "саяси сауатсыздар" деп масқарасын шығарды. 

Барлық жаңалықтар