Медиум Айсұлу Азаматқызы қайтыс болған кісінің аруағына қатысты біз білмейтін дүниелерді айтып, қырық күн бойы қандай рухтың қиналатынын айтты деп жазады Democrat.kz.
Медиум, тек танушы Айсұлу Азаматқызының айтуынша кй кісілердің жаны о дүниеде қиналып, жай таппайтын көрінеді.
"Адам өлген соң, қырық күн бойы жер бетіндегі өмірі сияқты әрекеттер жасап жүре береді. Біз физикалық денесін көрмеген соң, оны көрмейміз.
Ал осы қайтыс болған кісінің жаны жай табуы үшін бұрын қазақта қырық күн бойы шырақ жаққан. Қазір бұл рәсім жасалмайтын болды.
Егер сол қырық күндік шырақты жағатын болсақ, қайтқан кісінің жаны жай тауып, жер мен көктің арасында қалып қоймайды.
Ал егер аруақ екі ортада қалып қойса, өз әулетіндегі адамдардың түсіне кіреді. Ал кей жағдайда ренжіп, шағым айтады.
Моңғолияда болған кезімде сондай бір аруақ маған келіп, өзін басқа жерге жерлегені үшін ашуланып, шағымданды.
Әулетте осындай жаны жай таппаған аруақ болса, соның ұрпақтарында сәтсіздіктер көп болады. Ондай аруақтың артында қалғандардың жолы болмай, түрлі апаттарға ұшырайтын болады"деген Айсұлу Азаматқызы өлген кісінің жанының жай табуының аса маңызды екенін ескертті.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.