Жапонияда жалаңаш еркектер жарыста зардап шекті

Жапонияда жалаңаш  еркектер жарыста зардап шекті

Жапониядағы «жалаңаш фестивальде» алты адам зардап шекті деп хабарлайды Democrat.kz.

Жапониядағы дәстүрлі Хадака мацури фестивалі кезінде адамдар кептелісі орын алып, мерекеге жиналғандар жарақат алды.

Шараға шамамен 10 мыңға жуық жалаңаш ер адам қатысқан, олардың белінде тек арнайы таңғыш болған.

Басты залда кенеттен жарық сөніп, жиналғандардың арасына екі қасиетті «синги» таяқшасы лақтырылған сәтте, жұрт оған таласа бастаған. Сенім бойынша, қасиетті таяқшаны қағып алған адамға бір жыл бойы сәттілік серік болады.

Салдарынан алты ер адам қатты қысылып қалып, оларға дәрігерлердің көмегі қажет болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, олардың үшеуі қазір ауыр хәлде.

Барлық жаңалықтар