Мұғалімдер арасында біраз уақыттан бері болып жатқан "ҚМЖ дауына" қатысты ардагер ұстаз, білікті мұғалім Мира Барказатқызы да өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
"ҚМЖ жазу мұғалімге қажет пе? ҚМЖ жазу мұғалімге не береді?" деген сауалдарға Мира Барказатқызы: "Шетелде сабақ конспектісі ғана жазылады. ҚМЖ-ны қиындатқан өздері, әйтпесе жоспарсыз, дайындықсыз мұғалім болмайды. Әр бастық әртүрлі талап қойған соң мұғалім де жалығады:
біреуі дескриптор оқушы әрекетіне жазылады,- дейді;
-біреуі дескриптор бағалау бөліміне жазылады,- дейді
- біреуі құндылықтар тәрбие сағатына жазылады,-дейді
- біреуі құндылықтар ҚМЖ-ға жазылады,- дейді, алдымен оқулықта “құндылықтарға сай тапсырма бар ма?” деп ойланбайды.
Мылжыңдар би болған заман. Бір ҚМЖ-ға үш бұйрық шыққан, 130 бұйрық, 472 -бұйрық (бұлар құндылық жаз демейді), екі жүз бірдеңесінші бұйрық ҚМЖ-ға рефлексия енгізіп қойған, бұл бұйрықтан тыс ӘНХ-да жаңағы айтылғаннан бөлек бірдеңе талап қойған.
Бір ҚМЖ жазу үшін бес түрлі бұйрық, бес түрлі талап-бәрі де бос сөз. Жақсы жазылған ҚМЖ- терең білімнің кепілі емес!"дейді.