«Жақсылық Үшкемпіров «случайно» чемпион боп кетті...» – Елдос Сметов

«Жақсылық Үшкемпіров «случайно» чемпион боп кетті...» – Елдос Сметов

Танымал дзюдошы Елдос Сметов еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровті тілге тиек етемін деп, басы дауға қалды, деп жазды Democrat.kz. 


Олимпиада ойындарының чемпионы болғандықтан тарихқа кіріп жатқанын айтқан Сметов:

«Бүкіл әлемге Жақсылық Үшкемпіров бағы жанып, олимпиада чемпионы болып кетті «случайно» деген сияқты болды ғой. Қазаққа сондай сын тағылмаса екен. Шынымен де қазақтың мықты екенін дәлелдесек екен деген сияқты іште өзімді жігерлендіретін ой болды», –дейді. 
Алайда, спортшының бұл сөзінен соң желідегі жұрт оған «случайно» деген сөз артық», «Мақтанып сөйлемей, ойланып сөйлесей», «Жақсылық Үшкемпіровтің тырнағына тұрмайсың, артық айтпа» деп тарпа бас салды.

Барлық жаңалықтар