Жақында жаңа оқу жылы басталады. Қыркүйектің бірінші күніне басталатын алашапқын мамырдың 25-іне дейін созылады. Мұғалімдердің жүйкесіне ең қатты әсер ететін шаруалар құжат толтыру ғана емес, желі чаттарындағы смайликтер де екен. Сондай смайликтерге қатысты әлеуметтік желіде қызықты пікірталас жүруде деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісінде жазылған "Мұғалімдердің қан қысымын көтеретін смайликтер: 💯❗️‼️ 📌🚨(мынау еще айналады) Тағы қандайы бар?" деген жазбаға педагогтар өздерінің жүйкесіне салмақ салатын смайликтерді тізіп жазды.
Мектеп мұғалімдерінің жазбасынан түсінгеніміз, әр педагогтың жүрегін суылдатып, әр апайды ашуландыратын белгілі біл смайликтер болады екен. Төменді біразының пікірлерін назарларыңызға ұсындық. Осыдан кейін "мұғалім болу түк те қиын емес" дей аласыз ба?
"Сауалнамадан өтеміз ‼️ ‼️ ‼️ Ата-аналар өту керек ‼️ ‼️ Тышқандар өту керек ‼️ ‼️ Мысықтар өту крек ‼️ ‼️ Қадағалаймыз‼️‼️ 2 тышқан әлі өтпепті⁉️ Кімнің тышқандары ⁉️ Түсініктемемен келеміз⁉️"
"КАПСЛОКПЕН ЖАЗЫЛҒАН ЛЮБОЙ НӘРСЕ"
"Кері байланыс ата-аналар‼️‼️"



